Жетісу облысында жоғалған балықшы табылды

Динара Амантай

Күшейген жел оны қайығымен қоса қамыс арасына тықсырып тастаған

Фото: видеодан скриншот

Жетісу облысынлда жоғалған балықшы табылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, кеше Жетісу облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны Балқаш көлі Борлы шығанағынан тапқан. Күшейген жел оны қайығымен қоса қамыс арасына тықсырып тастапты.

Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.