Астанада 9 автобус бағдарының қозғалыс кестесі өзгерді

Еркеғали Болатұлы

City Transportation Systems тұрғындарға үндеу жасады

фото: weproject.media

Елордалық City Transportation Systems компаниясы автобус бағыттары қозғалыс кестесінің уақытша өзгеруіне байланысты тұрғындарға үндеу жасады.

CTS-тің Instagram-дағы ресми парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір автобустың қозғалыс кестесіне уақытша өзгерістер енгізілген.

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №26, 27, 40, 42, 50, 51, 53, 61, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген City Transportation Systems компаниясының хабарламасында.

Автобустардың жаңа уақытша қозғалыс кестесі компанияның Instagram-дағы парақшасына жарияланған.