Ақтөбе облысында мас жүргізуші жүк көлігінің астына кіріп кетті (видео)

Қымбат Елтайқызы

Көліктердің соқтығысқан сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған

фото: diapazon.kz

Апат «Ақтөбе-Астарахань» тас жолында болған, деп хабарлайды diapazon.

1 маусымда «ВАЗ-21010» автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бөлігіне шығып кетіп, Shacman жүк көлігімен соқтығысты. «ВАЗ» жүргізушісі апат орнынан Алға аудандық орталық ауруханасына жатқызылды.

«ВАЗ-21010» жүргізушісінің автокөлікті орташа дәрежеде мас күйінде басқарғаны анықталды», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.