×

Астанада көше бойында өртеніп кете жаздаған ер адамның видеосы шықты

Оқиға Сығанақ көшесінде болған

 Халық үні 19.04.2024 | 20:57
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Астана көшелерінің бірінде өртеніп кете жаздаған ер адамның видеосы пайда болды. Полицейлер ер адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Оқиға болған жерден түсірілген Astanovka98 Telegram-дағы арнасында пайда болды. Кадрлардан көшеде болған қызыл жалынды байқауға болады, сондай-ақ оқиға орнында адамдар мен полиция қызметкерлері жүр.

Полицейлердің бірі өртті сөндіріп жатқаны да көрсетілген. Видео сипаттамада оқиғаның Сығанақ көшесінде болғаны жазылған.

Астана полиция департаменті мәліметінше, оқиға орнына полицияның арнайы жасағы жетіп, өртті сөндірді.

Азамат медициналық мекемеге жатқызылды, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама