Алматыда қар көшкіні болды

Дәурен Ерболат

Қала тұрындары тауға шықпауға тиіс

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Алматыдағы Медеу ауданында қар көшкіні болды, деп хабарлады ТЖМ.

16 сәуірде аудандағы Альпинистік лагерьдің маңында көлемі 4 мың текше метр болатын қар көшкіні тіркелді.

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бұл аумақта қар көшкіні қаупі сақталатынын ескертеді.

Қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және кіші Алматы өзендері бассейнінде қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты көшкін қаупі сақталады, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ТЖМ қазақстандықтарды тауға шықпауға шақырды.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК солтүстік, шығыс және оңтүстікте тасқын қаупі сақталатынын хабарлаған болатын.