Алматыда қар көшкіні болды
Қала тұрындары тауға шықпауға тиіс
Алматыдағы Медеу ауданында қар көшкіні болды, деп хабарлады ТЖМ.
16 сәуірде аудандағы Альпинистік лагерьдің маңында көлемі 4 мың текше метр болатын қар көшкіні тіркелді.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері бұл аумақта қар көшкіні қаупі сақталатынын ескертеді.
Қатты жауын-шашынның түсуіне, үлкен және кіші Алматы өзендері бассейнінде қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты көшкін қаупі сақталады, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ТЖМ қазақстандықтарды тауға шықпауға шақырды.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК солтүстік, шығыс және оңтүстікте тасқын қаупі сақталатынын хабарлаған болатын.