Тасқынның келесі толқынына дайындық: Бектенов Оралға барды

Динара Амантай

Премьер-министр өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет басшысы өңірге барысымен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.

Сонымен қатар, Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.