Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

Динара Амантай

Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр

Коллаж: polisia.kz

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады.

Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қазір ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.