×

Алматыда сел бөгетін салған мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаланың 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр

 Динара Амантай 12.04.2024 | 10:00
Фото: t.me/KZgovernment

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов «Ақсай» бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты «Қазселденқорғау» басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді

Қаржылық мониторинг агенттігі аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл ретте мердігер ұйымның жауапты өкілдеріне қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі себебінен су тасқыны болуы мүмкін екендігі хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама