Тоқаев референдум арқылы өзінің президенттік мерзімін ұзартқысы келе ме?

Еркеғали Болатұлы

Қазір ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы мазмұны бойынша өте ауқымды

фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған сессияда өзінің президенттік мерзіміне қатысты жиі қойылатын сауалға нүкте қойды.

Менен ел ішінде де, шетелде де қазіргі Мемлекет басшысы өзінің өкілеттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға, былайша айтқанда, президенттік мерзімін жаңадан бастауға ниетті ме деп сұрап жатады. Менің жауабым: мұндай ниет жоқ және болмайды, - деді президент.

Оның айтуынша, қазір ұсынылған саяси жаңғырту бағдарламасы мазмұны бойынша өте ауқымды.

«Бірақ басты назар адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.