×

Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе берілетін болды

Президент мекеменің 75 жылдығына арналған салтанатты сессияға қатысты

 Динара Амантай 01.06.2022 | 16:41
Фото: spubl.kz

Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым ғылыми ой-тұжырым орталығына және сараптама жасайтын беделді мекемеге айналуға тиіс екендігін атап өтті, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы алдымен Академияның тарихына тоқталып, есімдері алтын әріппен жазылған еліміздің біртуар көрнекті ғалымдары мен академиктерінің еңбектерін еске алды. Дегенмен, күн санап өзгеріп жатқан қазіргі заманда бұрынғы жетістіктерге марқайып отыруға болмайтынын ескертті.

Қара шаңырақтың рөлін арттыру аса маңызды. Сондықтан, оған мемлекеттік мәртебе береміз және бюджет есебінен қаржыландырамыз. Оның қазір атқарып отырған қызметінен басқа да міндеттерін нақты белгілеу қажет. Атап айтқанда, ғылыми басымдықтарды дәл осы құрылым айқындауы керек. Арнаулы гранттар, стипендиялар және сыйлықтар тағайындау құзыреті де Академияға берілгені жөн – деп мәлімдеді Президент.

Осы ретте Мемлекет басшысы ғылымға адалдық мәселесіне баса назар аударды.

Қазір қоғамда құр атақ үшін ғылыми дәреже алғысы келетіндердің бар екені жасырын емес. Бұл жағымсыз үрдіске айналып барады. Олар, шын мәнінде, ғылыми атаққа ие болғанымен, ғылым жолын жалғастырмайды. Соның кесірінен мемлекеттің қаншама қаражаты босқа кетеді. Бұған біржола тосқауыл қоятын кез келді. Біз ғылымға шынайы берілген азаматтарды ғана қолдауымыз қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге Тоқаев ұйымға мүше болу рәсімдері және оған үміткерлердің тізімі жұртшылыққа ашық болу керектігін айтты. Оның айтуынша, ғылыми қызметпен тікелей айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешілетін болды. Мұның бәрі Академияның жұмысына тың серпін беріп, беделін арттырады. Сондай-ақ, еліміздегі ғылым саласының тұрақты дамуына жол ашады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35