Спаррингтік турнирде финалға шыққан бокшылар анықталды

Дастан Жұмабекұлы

Турнирдің жеңімпаздары Таиландта өтетін соңғы іріктеу турнирінде бақ сынайды

Фото: Сали Сабиров

Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде қыздар арасында алғашқы финалистер анықталды. 66 келі салмақтағы Жасмин Қизатова Лаура Есенгелдімен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті.

Енді ол финалда ұлттық құрама үздігі Наталья Богдановамен күш сынасады.

75 келіге дейінгі салмақтағы Гүлсая Ержан мен Жібек Жарасқызының жекпе-жегі де тартысты болды. Бұл айқаста төрешілер шешімімен Гүлсая Ержанға финалға жолдама берілді.  

Енді Гүлсая Ержан финалда Валентина Хальзовамен кездеседі.

Турнирдің жеңімпаздары Таиландта өтетін соңғы іріктеу турнирінде бақ сынайды.