Алты облыстағы 11 жолда қозғалыс шектелді

Халық үні

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 530 км) қозғалысқа шектеу қойылды. 

Фото: Halyq Uni

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ қай өңірлерде жолдарды тасқын су басқанын және қандай жолдардың бөлігінде қозғалыс шектелгенін мәлім етті.

«2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 4 111 метр болатын су тасқыны болды», - делінген хабарламада.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 530 км) қозғалысқа шектеу қойылды. 

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.