Павлодар және Ақмола облыстарында да жолдарды су басты
6 өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Елімізде қардың тез еруі салдарынан Павлодар және Ақмола облыстарында республикалық маңызы бар жолдарды су басты, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
Биыл 5 сәуірдегі сағат 13:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыстағы (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай өңірі) 6 жол учаскесінде (жалпы ұзындығы 4040 метр) су тасқыны болды.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 9 автокөлік жолында (ұзындығы 534 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.
Бүгінде республикалық жолдарда 764 техника мен 1 844 маман жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Атырау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды су шайып кеткені хабарланған еді.