×

Үш облыста жолдарды су шайып кетті

6 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

 Дәурен Ерболат 05.04.2024 | 10:02
Фото: Halyq Uni

3 облыстағы 6 жол учаскесін су шайып кетті, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.

Биыл 5 сәуірде сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстағы (Атырау, СҚО, Қостанай өңірі) 6 жол учаскесінде су тасқыны болды. Су шайған аумақтың жалпы ұзындығы – 3 280 метр.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автожолда (ұзындығы 398 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық маңызы бар жолдарда су тасқынын болдырмау үшін 285 техника мен 312 адам жұмыс істеп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама