Қазақстан ChatGPT-дің баламасын жасамақ
Жоба жылдың соңына дейін әзірленеді
Еліміз ChatGPT-дің негізінде нейрожеліні әзірлеуге кірісті. Бұл туралы «Цифрлық үкіметті қолдау орталығының» бас директоры Рүстем Биғари айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ChatGPT қазақ тілінде жұмыс істей алады. Бірақ ChatGPT қазақ тілінде сөйлеп, сұрақтарға еркін жауап беру үшін шамамен 13 млрд токен керек. Бүгінде онда 1,5 млрд токен бар. Бұл – 10 есе аз. Бүгінде алдымызда отандық модельді кітапханалар, шығармалар мен қазақстандық менталитетті ескеріп әзірлеу міндеті тұр. Жылдың соңына дейін қазақша модельді әзірлеп, оны одан әрі дамыту үшін қоғамға ұсынылуға тиіс, - деді Рүстем Биғари ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ChatGPT-ның баламасын іске қосу үшін есептеу қуаты керек.
Менің ойымша, бүгінде Назарбаев университетінің базасында 2 суперкомпьютер бар. Бұл – нормадан 10-15 есе аз. Мемлекет басшысына тапсырма беріп, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі суперкомпьютерлерді сатып алып, оны іске қосуға кірісті. Бұл ғалымдарға қазақстандық лингвистикалық модельді әзірлеуге мүмкіндік береді, - деді бас директор.
Ол жобаға бизнес өкілдері қызығушылық танытқанын атап өтті.
Қаңтарда мемлекет басшысы қазақстандық үлгіні жасау туралы айтқанда 2-3 шешім болса, қазір олардың саны өсіп жатыр. Оған бизнес қызығушылық танытып отыр. Бізді бұл қуантады. Өз тарапымыздан деректер және есептеу қуатымен қамтамасыз етеміз, - деді Рүстем Биғари.