Президент Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды

Динара Амантай

Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізеді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысын Үргеніш қаласының әуежайында президент Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Сапар аясында екі ел басшылары бейресми кездесу өткізіп, Хиуа қаласындағы кәсіпорындар мен мәдени нысандарды бірге аралап көреді деп жоспарланып отыр.