Жамбыл облысында шопан өзіне 40 келі есірткі дайындаған (ВИДЕО)

Дастан Жұмабекұлы

Күдікті жабайы қарасораны жинап, кептіріп қойған

Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында өзіне 40 келі есірткі дайындаған шопан ұсталды. Ол осыншама есірткіні қысқа дайындаған.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығынан 40 мың дозадан асатын марихуана тәркілеген.

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ер адам Меркі ауданында мал бағып, жұмыс істеген. Айтуынша, ол жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі үшін ғана сақтаған.