×

Қазақстандық телехикаялар Әзербайжан телеарнасынан көрсетіліп жатыр (ВИДЕО)

Түркі елдеріне ортақ Қорқыт тұлғасына арналған туындыға араб елдері де қызығушылық танытып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.04.2024 | 10:21
Фото: qazaqstan.tv

Әзербайжанның Аz TV теларнасынан Qazaqstan арнасы түсірген «Сезім толқыны» мен «Қорқыт» телехикаялары көрсетіліп жатыр, деп хабарлады Qazaqstan.tv.

Телехикаялар әзербайжан тіліне аударылып берілген.  

«Сезім толқыны» телехикаясы Qazaqstan арнасынан екі маусым бойы ұсынылды. Сериалдың соңғы маусымы Ақтау қаласы мен Әзербайжан тарапының бастамасымен Баку қаласында түсірілген болатын.  Ал «Қорқыт» тарихи туындысы бұған дейін Өзбекстанның «Маданият ва маърифат» арнасынан,  Әзербайжанның СBC арнасынан көрсетілген. Қазір Түркияның TRT арнасы түрік тіліне аударып жатыр. Түркі елдеріне ортақ Қорқыт тұлғасына арналған туындыға араб елдері де қызығушылық танытып отыр, – делінген хабарламада.

Qazaqstan.tv-нің хабаралуынша, қазір Noorplay платформасымен де «Сезім толқыны» мен «Қорқыт» телехикаяларын көрсету үшін келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама