×

Спаррингтік турнирге екі боксшы қосылды

Дина Жоламан (54 келі) мен Милана Сафронова (66 келі) тізімге енді

 Дастан Жұмабекұлы 03.04.2024 | 17:11
Фото: olympic.kz

8-10 сәуір аралығында Астанада бокстан спаррингтік жекпе-жектер өтеді. Бүгін қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды.

Бокс федерациясының хабарлауынша, 54 келіде Дина Жоламан да Олимпиаданың лицензиясын алу үшін бақ сынайды. Ол - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы. 

Сондай-ақ, 66 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова өз мүмкіндігін пайдаланып көреді. 

54 келідегі Ангелина Лукас спаррирнгтік турнир кезінде Таиландта болатын кәсіпқой бокс кешіне қатысатындықтан Олимпиаданың лицензиясы үшін жарысқа қатыспайтын болды. Оның орнына Дина Жоламан қосылды.

Спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады. Ол 23 мамыр мен 5 маусым аралығында Тайландтың бас қаласы Бангкокта болады.

Аталған додаға отандас боксшыларымыз лицензия ала алмаған салмақ дәрежелері бойынша қолғап түйістіреді.

Оған Қазақстан әйелдер құрамасы бас жаттықтырушысы болып тағайындалған Елдос Сайдалин бастап апарады.

Спарринг турнирге мына боксшылар қатысады:

50 келі:
Назым Қызайбай
Алуа Балқыбекова

54 келі:
Анель Сақыш
Жайна Шекербекова
Дина Жоламан
Балауса Мұздыман
Элина Базарова
Ұлжан Сәрсенбек
Сымбат Әлиасқар

66 келі:
Жасмин Қизатова
Лаура Есенкелді
Наталья Богданова
Дариға Шәкімова

Милана Сафронова

75 келі:
Гүлсая Ержан
Валентина Хальзова
Жібек Жарасқызы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама