×

1-сыныпқа құжат қабылдау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Бұған дейін сайт жұмысында іркіліс болған

 Дәурен Ерболат 01.04.2024 | 12:23
Фото: baigenews.kz/Артем Чурсинов

Egov.kz порталында қызметті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

1-сыныпқа құжат қабылдауға тоқталайын. Бүгінде еgov.kz порталында қызметті қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл қызмет таяу уақытта қолжетімді болады, - деді Мереке Амангелдіқызы.

Айта кетейік, бұған дейін 1-сыныпқа құжаттар қабылдаудың басталғаны хабарланған еді. Ол 31 тамызға дейін жалғасады.

Egov.kz арқылы өтініш беру үшін төмендегі құжаттар керек:

  • Ата-аналардың немесе баланың басқа заңды өкілдерінің өтініші;
  • «Профилактикалық екпелер картасы» №065/у медициналық анықтамасы;
  • «Бала денсаулығының паспорты» №052-2/у  медициналық анықтамасы;
  • Баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық суреті.

Сондай-ақ ата-аналар тұрғылықты жері бойынша мектепке барып, өтініш бере алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама