×

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталады

Жаңа оқу жылында алғаш рет мектепке 370 мыңнан астам бала барады деп күтіледі

 Динара Амантай 26.03.2024 | 17:02
Фото: Halyq Uni

Биыл 1-сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ата-аналар баланың құжаттарын электронды үкіметтің еgov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтіледі.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Заңына сәйкес6 лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Дайындық деңгейіне қарамастан, барлық бала тең мүмкіндіктерге ие болады. Бұл бастама тестілеу мен әңгімелесуге байланысты 1-сынып оқушыларындағы психологиялық қысымды азайтуға бағытталған, – деді Орта білім комитетінің басқарма басшысы Әлия Чокушева.

Балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болуы керек.

Демалыс және мереке күндерді қоспағанда, өтініш дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама