×

Астанада жалған шот-фактура жазумен айналысқан азамат сотталды

Ол өзінің қылмыстық әрекетін 6 ай бойы іске асырған

 Динара Амантай 29.03.2024 | 12:12
Коллаж: Halyq Uni

Астанада жалған шот-фактура жазумен айналысқан азамат сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд-тан астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді іске асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсанынан бастап, 2022 жылдың маусымына дейінгі аралықта Астанада бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және Bertys Construction ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген, – делінген ҚМА хабарламасында.

Соттың шешімімен аталған азамат 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама