×

Қостанай облысында күдіктілер криптовалютадан 1,3 млн доллар заңсыз пайда тапқан

Оларға қатысты тергеу жүріп жатыр

 Динара Амантай 27.03.2024 | 10:52
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған 2 азаматқа қатысты сотқа дейінгі іс қозғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, 2020 жылдан бастап қазірге дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын іске асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілген. Тұтынушыларды енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасаған. Ол арқылы кез келген адам криптовалютаны айырбастауға өтініш бере алады.

Аталған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин және криптовалюта биржасында шоттың құпия сөзі жазылған құрылғы табылды.

Күдіктілердің мүлкі мен криптовалюта шотындағы қаражат тәркіленді. Кепілсіз цифрлық активтерді сатудан түскен заңсыз кіріс шамамен 1 млн 350 мың АҚШ доллары болды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама