×

Мәскеудегі теракт: қаза тапқандардың саны 115-ке жетті

Ресей президентіне 11 адамның ұсталғаны туралы хабарланған

 Динара Амантай 23.03.2024 | 15:35
Фото: видеодан скриншот

Мәскеудегі лаңкестік салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 115-ке жетті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, «Крокус Сити Холлда» болған терактіден көз жұмған адамдардың мәйіттерін төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалау кезінде таптқан.

«Крокус Сити Холл» концерт залында жасалған лаңкестік орнында төтенше қызметтердің үйінділерді талдауы кезінде қаза тапқандардың денелері табылды. Осылайша, қазір қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін ФҚҚ директоры Александр Бортников Ресей президенті Владимир Путинге 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити Холлда» шабуылға тікелей қатысы бар 4 террористі ұстау туралы баяндаған болатын.

Еске сала кетсек, кеше түнде Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, кем дегенде үш камуфляж киген адам оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 60-тан асады, сонымен қатар 100-ден аса адам жараланған.

Осыған байланысты Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама