×

Мәскеудегі концертте атыс болды: қаза тапқандар бар (ВИДЕО)

 Халық үні 22.03.2024 | 23:09
фото: видеодан скриншот

Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болды, кем дегенде үш камуфляж киген адам оқ жаудырды, жараланғандар бар.

РИА Новости тілішісінің хабарлауынша, камуфляж киген адамдар, кем дегенде үшеуі Crocus City Hall ғимаратының бірінші қабатына кіріп, автоматтан оқ жаудырды.

Оның айтуынша, осыдан кейін олар граната немесе тұтандырғыш бомба лақтырған, соның салдарынан өрт шыққан. 

Залдағы адамдар атыстан құтылу үшін еденге жатып, 15-20 минут жатты, содан кейін олар жорғалап шыға бастады. Көпшілігі сыртқа шығып үлгерді, - деді РИА Новости тілшісі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама