Мәскеудегі теракт кезінде 60-тан аса адам қаза тапты
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, кеше түнде Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, кем дегенде үш камуфляж киген адам оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 60-тан асады, сонымен қатар 100-ден аса адам жараланған.
Осыған байланысты Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.