×

Еліміздегі 13 шаһар қала мәртебесінен айырылуы мүмкін

Бұл қалалардағы тұрғындардың саны 10 мыңға жетпейді

 Дәурен Ерболат 19.03.2024 | 14:14
фото: Владимир Третьяков

Елімізде 13 қала мәртебесінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәртебесінен айыралатын 13 қала бар. Онда халықтың саны 10 мың адамнан төмен. Мысалы, Шар, Қазалы және тағы басқа қалалар. Халықтың саны 10 мыңға жетпейтін қалаларды ауылға айналдыру мәселесін күн тәртібіне қойып, қарастырамыз. Бұл мәселе бойынша жергілікті әкімдік, мәслихатпен және халықпен бірігіп, шешім қабылдау керек, - деді Бауыржан Омарбеков Үкімет отырысынан соң. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда 18 елді мекенге қала мәртебесі берілуі мүмкін екені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама