Түркістан облысында құдыққа құлаған келіншек көз жұмды

Халық үні

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған

фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында 29 жастағы келіншек тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлаған қыз көз жұмды. Оқыс оқиға бүгін таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегін жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан қызды алып шыққан.

Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені, әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр.