Тоқаев Путинді жеңісімен құттықтады

Динара Амантай

Мемлекет басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті. Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады.

Мемлекет басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.