×

Астанаға бара жатқан көлікті тоқтатқандар жүргізушіні пышақтап кеткен

Полиция күдіктіні ұстады

 Халық үні 14.03.2024 | 20:51
фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысында көлік жүргізушісіне шабуыл жасалды. Нұра ауданынан Астанаға барар жолда көлік тоқтатқандар рөлдегі азаматты пышақтап тастаған, деп хабарлады КТК арнасы.

Телерананың хабарлауынша, жүргізішінің беті, мойны мен қолдары тілінген. Ол шаруасымен Астана қаласына кетіп бара жатқан. Тас жолдың бойындағы ауылдың бірінде екі адам көлік тоқтатып тұрған. Жолаушылар жүргізушіден Астанаға ала кетуін сұрапты. Бірақ әңгімесі жараспай жанжалдасып, 30 жастағы ер адам жүргізушіге пышақ ала жүгіріп, денесін кескілеп тастаған. Көліктің іші де қанжоса. Көлік тосқан екі адам анасы мен баласы екен.

Полиция күдіктіні ұстады. Оқиғаның бүге-шүгесін тергеу анықтап жатыр.

Полиция қызметкерлері ізін суытпай, аудан тұрғынына пышақ салған күдіктіні ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізіліп жатыр,- дейді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама