Балқаш гарнизонында офицер жараланды

Халық үні

Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр

Фото: ашық дереккөздерден

30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Аталған дерек бойынша соталды тергеу жұмыстары басталғаны атап өтілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің нұсқауымен гарнизонға арнайы комиссия жіберілді.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге ​​жатпайды, - деп толықтырды ведомстводан.