×

АҚШ Украинаға тағы әскери көмек береді

300 млн доллар бірнеше аптаға ғана жетеді екен

 Дастан Жұмабекұлы 13.03.2024 | 15:04
Фото: @oleksiireznikov/Twitter

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға 300 млн доллар көлемінде әскери көмек жіберетінін мәлімдеді.

Байденнің әкімшілігі бұл қаражатты Украинаның артиллериялық снарядтар мен дүркіндете ататын HIMARS реактивті жүйесіне арналған оқ-дәріні сатып алу үшін береді.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливанның айтуынша, бұл ақшаға сатып алынатын әскери көмек бірнеше аптаға ғана жетеді. Бұл қаражат келісімшарттардан үнемдеген Қорғаныс министрлігінің қаржысынан беріледі. Ал негізгі көмекті Конгресс әлі қолдамай отыр.

Конгресте Украинаға 60 млрд доллардан астам әскери көмекті қарастыратын заң жобасы толық қолдау таппай жатыр. Сондықтан біз ақшаны бірнеше айға үзіліп қалған көмектің орнын толтыру үшін жіберіп отырмыз, – деді ол.

Джейк Салливанның пікірінше, бұл көмек – АҚШ-тың кейінгі бірнеше айдағы бірінші көмек пакеті. Қазір Ақ үй Украинаға мүмкіндігінше көбірек әскери көмек жіберудің жолын табуға әрекеттеніп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама