Димаш Құдайбергеннің жаңа клипі жарыққа шықты

Халық үні

Okay әнінің сөзін жазған – Игорь Николаев, әуеннің авторы – Игорь Крутой

Фото: ашық дереккөздерден

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне бейнеклип түсірді. Өнер жұлдызы бұл жайында өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

Okay атты әніме түсірілген жаңа видеоны қабыл алыңыздар. Бейнеклип ресми Youtube арнамда жарияланған. Тамашалап, ой-пікіріңізді айтарсыздар», - деп жазды Димаш.

Okay әнінің сөзін жазған – Игорь Николаев, әуені – Игорь Крутойдыкі. Клиптің режиссері әрі сценарисі – Алина Верипия.