×

Шымкентте ескерту жарияланды

Тұрғындардың сақ болғаны жөн

 Дәурен Ерболат 12.03.2024 | 15:40
Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады қалалық ТЖД.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметінше, ертең қалада ауа райы қолайсыз болады.

13 наурызда түнде Шымкентте қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) жауады. Кей уақытта көктайғақ болып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с-ге жетеді, - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін қаланың бір бөлігінің жарықсыз қалғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама