×

Шымкент жарықсыз қалды

Қазір арнайы бригада ақауды анықтап жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 12.03.2024 | 14:51
Фото: araika99.blogspot.com

Шымкент қаласының бір бөлігі жарықсыз қалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін қаладағы апаттық жағдайға байланысты «Достық», «Нұршуақ», «Солтүстік-батыс», «Солтүстік саяжай» шағын аудандарындағы 3 мыңнан аса пәтер электр қуатынсыз қалды. Қазір арнайы бригада ақауды анықтап, тиісті жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлер электр қуатына екі сағатта қосылады деп жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама