«Саран» шахтасында бір жұмысшы қаза тапты

Дастан Жұмабекұлы

 Алдын ала мәлімет бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен

Фото: https://t.me/malimkz

12 наурызда түнде компанияның көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдығын жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, қаза тапты. Бұл туралы Qarmet-тің мәліметіне сүйенген malim.kz хабарлады.

Жұмыс ZY7200 – 13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды. Ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген, – делінген хабарламада.

Жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен.