×

Жазушы Жұмабай Шаштайұлы қайтыс болды

74 жасында қайтыс болды

 Халық үні 12.03.2024 | 08:15
Фото: egemen.kz

Белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы 74 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желіде жеткізді.

Қасиетті Оразаның екінші күні қазақтың біртуар қаламгері, асыл ағамыз Жұмабай Шаштайұлы Жаратқанның құзырына қайтыпты. Бірнеше буынға ұстаз болған, адал һәм тап-таза қалпынан айнымай, соңынан бір ауыз бөтен сөз ілестірмеген Жұмағаң туралы айтар жақсы әңгіме көп. Жақсылар шетінен кетіп жатыр, – деп жазды ол.

Жұмабай Шаштайұлы – Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Жамбыл ауылында 10.10.1950 жылы туған. Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Еңбек жолын «Коммунизм жолы» газетінде бастап, 1980-1987 жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, 1987-1990 жылдары «Жалын» журналында жұмыс істеді. 

  • 1990-1992 жылдары Қазақ тілі қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары;
  • 1992-1996 жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңтерушісі;
  • 1996-2002 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы;
  • 2002 жылдан бастап «Қазақ радиосының» бас редакторы қызметін атқарды. 

1982 жылы «Таң нұры» атты ұжымдық жинаққа «Қияда» атты алғашқы повесі енген. 1984 жылы шыққан «Қызыл қар» атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті. Одан соң «Жала мен нала» (1987), «Жыр жолбарыс» (1996), «Біздің заманның Аяз биі» (1997) кітаптары жарық көрді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама