Қосшыда салық органының қызметкері алаяқтықпен тұрғындардың атына несие рәсімдеген

Динара Амантай

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Halyq Uni

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен салық органы қызметкерінің 5 интернет-алаяқтық фактісі ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажет деген сылтаумен шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микронесиелер рәсімдеу арқылы өзінің шоттарына аударған.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды.