Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен салық органы қызметкерінің 5 интернет-алаяқтық фактісі ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажет деген сылтаумен шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микронесиелер рәсімдеу арқылы өзінің шоттарына аударған.
Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды.