Шымкентте 443 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды
Ол қылмыстық әрекетін арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы іске асырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық департаменті Шымкент тұрғынының жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей, жалған шот-фактураларды жазып бергенін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ол қылмыстық әрекетін арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы іске асырып, салдарынан мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.
Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды, – делінген ҚМА хабарламасында.