Оралда 54 млн теңге бөлінген бейнекамералар істемей тұр

Еркеғали Болатұлы

Биыл қоқыс орындарына тағы 120 камера орнату жоспарланған

фото: ашық дереккөз

Оралда 50 қоқыс орнына 100 камера орнатылған. Ол үшін былтыр ТКШ бөлімі мердігерге бюджеттен 54 млн теңге бөлген.

Protenge Telegram-арнасының мәліметінше, жергілікті әкімдік камераларды тұрғындардың сұрауы бойынша орнатқан. Өйткені жұрт тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне үлкен көлемдегі қоқыс тастайтындардың үстінен жиі шағымданған.

Сондай-ақ «Уральская неделя» басылымы биыл қоқыс орындарына тағы 120 камера орнату жоспарланғанын хабарлады. Қазір 100 камераның тек 6-ауы ғана жұмыс істеп тұрған көрінеді. Ал 94-і биыл жазда қосылуға тиіс.

Әзірге Антикор оған қатысты ресми мәлімдеме жасамады.