Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тасжолдар қалыпқа келтіріледі

Динара Амантай

Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы – 1 мың 534 шақырым

Фото: видеодан скриншот

Қостанай облысында 40 жыл жөнделмеген тасжолдар қалыпқа келтіріледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Өңірдегі республикалық маңыздағы күре жолдардың жалпы ұзындығы – 1 мың 534 шақырым. Оның 82%-ы қанағаттанарлық деңгейде. Кейбір учаскелердің жөнделмегеніне 40 жылдай болған. Осы мақсатта өңірдегі автожолдарды қалыпқа келтіру бойынша ауқымды шаралар кешені басталмақ.

Биыл облыста республикалық маңыздағы 6 автожолдың 187 шақырымында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жол жабыны жаңартылып, барлық пайдаланушыларға сапалы жол мен қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етіледі. Оның ішінде Р-63 «Денисовка-Тарвиченко-Аршалы-Комаровка» және Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолдары былтыр жөнделе бастаған.