Жамбыл облысында жолаушылар автобусы отқа оранды

Халық үні

Өрт жойылды

фото: ТЖМ

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы,«Алматы-Ташкент» автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты.

Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.