×

Ұлытау облысында бірнеше шенеунік жауапқа тартылды

12 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды

 Динара Амантай 28.02.2024 | 13:23
фото: rg.ru: UGC

Ұлытау облысында бірнеше шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық прокуратура прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау фактілері бойынша «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады.

Қарау нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау облысы әкімінің 2 орынбасары, Жезқазған қаласының әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы, Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде олардан 1,5 млн теңге айыппұл өндіріліп алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама