Halyq Uni логотип
×

АҚШ-тан пошта арқылы психотроптық заттарды өткізбек болғандар ұсталды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

 Динара Амантай 27.02.2024 | 13:23
АҚШ-тан пошта арқылы психотроптық заттарды өткізбек болғандар ұсталды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті психотроптық заттарды ірі көлемде мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісін тергеп-тексеріп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен «Жетісу» кеден бекетінің аймағында психотроптық зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) бар 84 дана электронды темекі салынған пошта жөнелтілімдері анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тағы 103 дана электронды темекі және иісі бар қоңыр түсті сұйықтық құйылған 42 клиромайзер табылып, тәркіленді, – делінген хабарламада.

Бұл сәлемдемелер Қазақстанға АҚШ-тан халықаралық пошта арқылы келген.

Сот қаулысымен осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген адамға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде, тергеу мүддесіндегі өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама