Гимнасшылар Мұсабаев пен Әлиев Әлем кубогының күміс иегері атанды

Дастан Жұмабекұлы

Олар финалда 50 520 ұпай жинап, 2-орынға табан тіреді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Әзербайжанның Баку қаласында өткен батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде Данил Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев күміс медаль иеленді.

Олар финалда 50 520 ұпай жинап, 2-орынға табан тіреді.

Алтын медальді Қытай спортшылары (51.090), қола жүлдені АҚШ құрамасы жеңіп алды. 

Әлем кубогы кезеңдерінде Париж Олимпиадасына жолдама беруде есепке алынатын рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады.