Министрлік тарапынан өтемақы төленетіні туралы ақпарат – жалған

Динара Амантай

Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады

Фото: Halyq Uni

Әлеуметтік желілерде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға министрлік тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, – делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз, – делінген хабарламада.