×

Армения Әзербайжанның әскери позицияларына тағы да оқ атты

Кеше 21:40 шамасында болған жайт

 Еркеғали Болатұлы 25.02.2024 | 14:55
фото: bangkokbook.ru

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Армения тарапынан әскери позицияларға оқ атылғанын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, Нахичеван автономды республикасы Садарак ауданындағы Гейдарабад елді мекеніне қарсы оқ атылған.

24 ақпанда 21:40 шамасында Арарат облысындағы Ерасх елді мекеніндегі Армения қарулы күштері Әзербайжан қарулы күштерінің позициясына қарсы оқ атты, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Әзербайжан қыркүйек айында Таулы Қарабақты бақылауына алған еді. Сондай-ақ қаңтар айында Армения Әзербайжанға шабуыл жасамау туралы пактке қол қоюды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама