38 градус аяз: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

Халық үні

Шығыс Қазақстанда 23-38°С аяз болады деп күтіледі.

фото: el.kz

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы QazAvtoJol–дың  баспасөз қызметі хабарлады.

Солтүстік және орталық Қазақстанда 10-23°С дейін күн суытады.

Ал Шығыс Қазақстанда 23-38°С аяз болады деп күтіледі.

«Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.